Монархия мен демократия бір-біріне кереғар ма?
Көпшілік қауым монархия бар жерде демократия жоқ дегенді жиі айтады. Сонда монархия мен демократия бір-біріне қабыспайтын ұғым ба?
Санат ЕЛДОСҰЛЫ, студент
Монархия мен демократия бір-біріне үш қайнаса сорпасы қосылмайтын ұғым болып көрінетіні рас. Алайда әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, бұл екеуі өзара қарама-қайшы түсініктер емес екен. Мәселен, бұған демократияның діңгегі болып отырған монархиялық елдердің шынайы сипаты айқын мысал.
Еуропада Ұлыбритания корольдігі (патшайымы Елизавета II), Швеция корольдігі (королі Карл XVI Густав), Дания корольдігі (патшайымы Маргрете II), Нидерланды (патшайымы Беатрикс), Испания корольдігі (королі Хуан Карлос I), Бельгия корольдігі (королі Альберт II), Норвегия корольдігі (королі Харальд V), Ватикан (папасы Бенедикт XVI) және басқалар. Ал Азияда Жапония (императоры Акихито), Малайзия сұлтанаты (сұлтаны Мизан Зайнал Абидин), Тайланд корольдігі (королі Пумипон Абульядет). Австралия мен Канада да Ұлыбритания патшайымы басқаруындағы монархия болып табылады.