Бізге шетелден енген мюзикл жанрының ерекшеліктері туралы жазсаңыздар. Бұл жанр тек комедияға негізделген бе? Маған осы жанр театр сахнасындағы у-шу топтық өнер секілді көрінеді.
Құралай, Семей
Мюзикл – драма, опера, эстрада, хореография секілді өнер түрлерінің басын біріктіретін музыкалық-сахналық қойылым. Аталмыш жанр ең алғаш Америкада XX ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. Мюзикл жанрының тек комедиялық қана емес, драмалық сюжеті де жиі сахналанады. Мұндай сахналық қойылымдардың кең етек алған шағы әсіресе 1960-80 жылдар, одан кейін басқа елдерде де өркен жая бастады. Бүгінгі таңда мюзикл музыкалық театрлары рок-музыка, ән-би секілді басқа да жанрлардың элементтерін игере отырып, көрерменге жаңаша қойылымдарын ұсынуда. Мюзиклдың басқа жанрлардан басты ерекшелігі – сахналық қойылымда түрлі стильдерді батыл қолдануында. Айталық, мюзиклда тіпті цирктік қойылымдар, фольклорлық әндер мен билер, джаз секілді түрлі өнер түрлері бір қойылым барысында түгел көрсетіледі. Өнердің бұл түрі өте кең аудиторияға арналған әрі сахнада өнерпаздар да топпен өнер көрсетеді. Бүгінде қазақ театрларында да мюзикл жанрындағы қойылымдар жиі қойылады.
Мюзикл жанры жайлы білгім келеді
Последние статьи автора