Менің апайым мектеп асханасында жұмыс істейтін. Осы жылдан бастап денсаулығына байланысты мектеп асханасында жұмыс жасауға рұқсат етілмеді де, ол өтініш жазбай, мектеп директорымен келісіп, осы мектепте мезгілдік (сезонный) техникалық қызметкер (вахтерша) болып жұмыс істеп жүр. Вахтерша есебінде еңбекақы алады. Менің білгім келетіні – оған кезекті ақылы еңбек демалысы тиесілі ме?
Толқынай АСҚАРОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшысының мәліметі бойынша, ҚР Еңбек кодексінің 101-бабына сәйкес, егер қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Кодекстің 100-бабына сәйкес, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне:
1) нақты жұмыс iстелген уақыт;
2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
Еңбек демалысының ұзақтығы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс өтіліне үйлесімді есептеледі.
Мезгілдік жұмыс істеушілерге ақылы еңбек демалысы тиесілі ме?
Последние статьи автора