Биыл аспаннан метеориттер жиі құлайды дегенді естіп едім. Осы рас па? Ондай құбылыстарды байқай аламыз ба?
Жанаргүл, Ақтөбе облысы
Мәскеу астрономия әуесқойлары қоғамы өкілдерінің мәліметінше, 2011 жылы метеор ағындарының белсенділігі артады. Бірақ бұл құбылысты метеориттердің құлауымен шатастыруға болмайды. Метеор ағындарының метеориттерден айырмашылығы – олар өте ұсақ бөлшек болғандықтан, түнгі аспаннан жылтылдап көрінгенімен, Жерге жетпей жанып кетеді. Ал метеориттер – Жерге құлайтын бөлшектер. Биыл Драконид, хи-Каприкокорнид метеор ағындары көбейеді. Алдағы қыркүйекте альфа-Ауригид метеор ағыны байқалады. Метеор жаңбыры немесе Геминида да – тылсым құбылыстардың бірі. Естеріңізде болса, өткен желтоқсан айының 13-15 аралығында аспаннан жұлдызды жаңбыр байқалған болатын.
Метеор ағындары деген не?
Последние статьи автора