Кейбір азық-түлік өнімдерін мерзімі өтіп кеткеннен кейін де жей беруге болады деп естідім. Ол қандай өнімдер?
Зипа Жәнібекова, Астана
Шынында да, соңғы кезде мерзімі өткен тағамдарды тұтынуға болады деген пікір көп айтыла бастады. Тіпті 2014 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында мерзімі өткен азық-түлікті сататын дүкен де ашылмақшы. Осындай тәжірибені бастаушы Дуг Раух деген бизнесмен кем дегенде бес өнімді мерзімі өткеннен кейін де қорықпай жей беруге болады дейді. Олар – жүгеріден жасалған чипсы, шоколад, жұмыртқа, йогурт және сүт.
Дуг Раухтың Бостонда ашатын дүкені табысы төмен отбасыларға арналмақ. Оның пікірінше, көптеген ритейлер қазірдің өзінде тұтынушыларға сақталу мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін өткізіп жүр. Сөреде жатып қалған өнімді қайта өңдеуге жіберіп, дайын өнім күйінде ұсыну тәжірибесі бұрыннан бар.
Оның үстіне, мерзімі өткен тағамның бәрі бәрдей қауіпті емес, тек дәмі нашарлайды деген мамандардың пікірін жоққа шығаруға болмайды. Сондай-ақ температуралық режимді өзгерту арқылы да азық-түлікті сақтау мерзімін ұзартуға болады. Мәселен, бес градустан төмен температурада жұмыртқаның сақталу уақытын үш-бес аптаға ұзартуға болады. Алайда мерзімі өткен тағамды тұтынуда асқан сақтық қажет екенін ұмытпаған абзал.
Мерзімі өтсе де, шоколадтың аты – шоколад
Последние статьи автора