Америка құрлығында құрылған МЕРКОСУР-ді Кедендік одақ десе, енді бір дереккөздер аталған ұйымның құрылымы Кедендік одақ деуге келмейтінін көрсетеді. Жалпы, МЕРКОСУР қандай ұйым?
Ержан ҚОШБАЕВ, Семей
МЕРКОСУР – Оңтүстік Америка құрлығы елдерінің ортақ нарығы. Құрлықтың ІЖӨ-нің 75 пайызын құрайтын ұйым аумағында 250 млн адам өмір сүруде. МЕРКОСУР-ді Кедендік одақ деп те атайды. Бірақ бұл ұйымды еркін сауда аймағы деп атаған дұрыс. 1986 жылы түстік Американың екі алып мемлекеті Аргентина мен Бразилияның 1986 жылғы келісіміне 1990 жылы Парагвай мен Уругвай қосылды. Қазіргі құрылым 1991 жылдың 26 наурызында қалыптасты. 2006 жылдың шілде айында құрлықтағы мұнайлы мемлекет Венесуэланы мүшелікке қабылдау туралы келісім болған. Алайда күні бүгінге дейін Венесуэланы ұйым құрамына енгізілгені туралы құжатты өзге мемлекеттердің парламенттері толықтай рәсімдемеген. Айта кету керек, МЕРКОСУР-дің кедендік кодексі өткен жылдың тамыз айында бекітілген болатын.
МЕРКОСУР-ді Кедендік одақ деуге келе ме?
Последние статьи автора