Біз «Сайпем» компаниясында вахталық әдіспен жұмыс істейміз. Мерекелік күндерге компания екі есе ақы төлейді. Менің білгім келгені: мерекелік күндердегі түнгі ауысымның төлемақысы қандай?
Есқали ТІЛЕКЕШОВ, Қызылорда облысы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мамандарының берген мағлұматына қарағанда, вахтаның ауысымы мереке күніне түсетін болса, бұл күнге еңбек заңнамасына сәйкес, кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді. Ал егер ауысым түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейінгі, сондай-ақ осы күннің сағат 22.00-інен 24.00-ге дейінгі уақытқа түссе, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 129-бабына сәйкес, түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердің күндік (сағаттық) ставкасы негізге алына отырып, кемінде бір жарым есе мөлшерде ақы төленеді.
Мерекелік күндердегі түнгі ауысымда жұмыс істегендерге ақы қалай төленеді?
Последние статьи автора