Баққожа Мұқаиға Мемлекеттік сыйлық қай шығармасы үшін берілгенін білгім келеді және ол қай жылы лауреат атанды?
Еркін Бейсенұлы, Тараз қаласы
Баққожа Мұқаи – қазақ әдебиетінің белді өкілдерінің бірі. Оның шығармалары кезінде көптеген таралыммен жарық көріп, оқырманға кеңінен танылған.
Ал еліміздің басты сыйлығы жазушыға «Өмірзая» романы үшін 2000 жылы берілді. Автордың бұл шығармасы өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың рухани жай-күйін сипаттайды. Шығарманың негізгі кейіпкері – Аяған Қуатов. Мамандығы тарихшы, жасы 35-ке жеткен, қалыптасқан азамат. Оның пайым-парасаты, адамдық образы жақсы ашылған. Туған елін жанымен сүйетіндігі әр қазаққа үлгі боларлық кейіпкер. Кейіпкердің басындағы шырғалаң Сыздық төре туралы зерттеуінен басталады. Бұл шығарма оқырмандар мен әдебиет сыншылары тарапынан да жоғары бағаланған.
Мемлекеттік сыйлық қай шығармаға берілді?
Последние статьи автора