Әлемдік тәжірибедегі мемлекеттік қызметтің үлгілері қандай? Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттік қызметтің модельдері қандай болып келеді? Елімізде оның қандай моделі қалыптаспақ?
Абзал, Алматы
Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызметтің екі үлгілік моделін бөліп қарастыруға болады: баспалдақтық және позициялық. Біріншісі – мемлекеттік қызметшілерді саяси тағайындалатындар және кәсіби орындаушылар деп бөлу. Екіншісі – мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады. Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдердегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады. Қазіргі кезде көптеген ел мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесінің ерекшеліктерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді. Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді моделінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданылады, ол саяси шешімдер қабылдау процесін оларды іске асыру процесінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функциялары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің баспалдақтық және позициялық модельдерінің элементтерін қамтып, аралас болып қалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде корпустық вертикаль – мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс табатын болады.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қандай?
Последние статьи автора