Мемлекеттік қызметкерлер саны қанша?
Бұрындары еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер саны 100 мыңнан асып жығылатын. Былтыр мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту шарасы жүргізілді. Биыл соңғы дерек бойынша, мемлекеттік қызметкерлер саны қанша болды?
Жебеген Қуантай, Талдықорған
2011 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, республика бойынша мемлекеттік лауазымдардың штаттық саны – 90 923 бірлікті, нақты саны 87 358 бірлікті құрайды, оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер 3125 адамды (штат бойынша – 3179) құрайды. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны – 50 850 адам, яғни осы саладағы қызметкерлердің 58,2%-ы деген сөз.
Жалпы, мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 39 жасты құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 75 131 адамның жоғары білімі бар, 11 954 адамның орта кәсіби білімі бар, орта білімдісі – 273 адам.
Мемлекеттік қызметте шамамен 60 этностың өкілі қызмет жасайды.