Мемлекеттік құпияға не жатады?

Мемлекеттік құпия деген не? Мемлекеттік құпияларға не жатады?
Дастан ӨМІРХАН,
Алматы
Мемлекеттік құпия – ұлттық қа­уіп­сіз­дікке нұқсан келмес үшін мем­лекет­тің әскери, экономикалық, ғы­лыми-тех­ни­ка­лық, сыртқы эконо­ми­калық, сыртқы сая­си, барлау, қар­сы барлау және халық­аралық құқықтың әлемге ортақ қағида­ла­рына қарсы келмейтін басқа да ша­раларды сәт­ті іске асыру мақ­сатында таралуына шек қоятын және өз қорғауында ұстайтын мәлі­меттері. Мемлекеттік құпияның құ­рамдас бөлігі – қызметтік құпия. Ондай құпия түріне жария болуы мен жоғалуы Қазақстанның ұлт­тық мүддесіне, органдары мен ұйым­дарының мүддесіне залал кел­ті­ретін не залал келтіруі ықтимал мәлі­меттер жатады. Мемлекеттік құ­пияға жататын мәліметтер және олар сақталатын құралдар мемлекет меншігі болып табы­лады. Жария болу салдарынан келтірілуі ықтимал зиян деңгейі қаншалықты болса, мәлімет те соншалықты деңгейде құпия­ла­нады. Мемлекеттік құпия саналатын мә­лі­мет­тер құпиялық деңгейіне қарай «аса ма­ңызды», «өте құпия», «құпия» бо­лып бө­лінеді. Мәліметті құпияға жат­қызу тәр­тібі мен оларды қоршау шара­лары арнайы бағ­дарлама, ереже арқы­лы жүзеге асы­рылады. Мемлекеттік құпия­лар­ды қор­ғау органдарына: Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касының мемлекеттік құ­пияларын қор­ғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік ор­ганы; ҚР Ұлттық қа­уіпсіздік комите­ті мен оның органдары; мемлекеттік ор­ган­дар мен ұй­ымдар, олардың мем­ле­кет­тік құ­пияларды қорғау жөнін­дегі құ­ры­лымдық бөлімшелері жатады. Қа­зақ­станда мемлекеттік құпияға қа­тыс­ты қыл­мыстық жауапкершілік ҚР ҚК- тің 165, 166, 172, 173-бапта­рын­да белгіленген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста