Ел аумағындағы жер-су және өзге де нысандардың атауларын өзгерту мемлекеттік ономастикалық комиссия құзырына жата ма? Бұл комиссия нақты қандай міндеттерді жүзеге асырады?
Нұрбақыт СӘЛЕНҰЛЫ, Алматы облысы
Мемлекеттiк ономастика комиссиясы географиялық объектiлердiң атауына бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру, топономикалық атауларды қолдану мен олардың есебiн жүргiзудi реттеу, еліміздің тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық кеңесу органы болып табылады.
Аталған комиссияның өздігінен жер-су аттарын өзгертіп, шешім қабылдауға құзыреті жүрмейді. Алайда комиссия белгілі бір нысандар атауының өзгертілуіне ұсыныстар жасап, оң ықпал ете алады. Белгілі бір объектiлердiң жаңадан берiлген, қайта аталған және нақтыланған атауларын бекiтудi комиссияның нақты қорытындысы болған кезде ғана белгiленген тәртiппен ел Үкiметi жүзеге асырады.
Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
• географиялық атауларды жинақтау, жүйелендiру және зерделеу, ономастика жөнiнде ғылыми негiзделген сөздiктер құрастыру;
• бұрын жоғалтылған тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
• жаңа географиялық объектiлер үшiн атаулар әзiрлеуге қатысу.
Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтiк факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негiзiнде физикалық-географиялық объектiлердiң атаулары транскрипциясына нақтылаулар енгiзу туралы даулы мәселелер бойынша қорытынды шығара алады.
Мемлекеттік ономастикалық комиссия немен айналысады?
Последние статьи автора