Қазіргі уақытта елімізде көптеген қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер жұмыс істейді. Оларға мемлекет қаржы бөліп тұра ма?
Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың қосылуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiң қаржыландыруына жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктер аппараттарының жалданып жұмыс iстейтiн қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады.
Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттiк органдар шешуi мүмкiн.