Мемлекеттер қалай пайда болған? Мемлекеттердің пайда болуы жөнінде қандай ғылыми тұжырымдар бар?
Жәнібек АҚБЕРГЕН, Алматы
Мемлекет көпқырлы құбылыс болғандықтан, оның пайда болуы жөнінде бірнеше теория бар. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін теорияның бірі – теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес, мемлекет – Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан, сондықтан Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесі патриархалдық теория мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін – монархты тудырды дейді. Сондай-ақ келесі – табиғи-құқықтық теория мемлекет адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде пайда болды дейді. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы бойынша мемлекет жаулап алу, күш қолданудан пайда болған. Органикалық теорияға сенсек, мемлекет – тірі ағза. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады. Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория бойынша мемлекет ең алдымен экономикалық қажеттіліктерден пайда болған.
Мемлекет қалай пайда болған?
Последние статьи автора