Мектепалды даярлық сыныпты оқу міндетті ме?
Биыл балам төрт жасқа толды. Осы орайда менің білгім келгені, баланы мектепке қанша жастан бастап берген абзал? Мектепалды даярлық сыныпты оқу міндетті ме?
Ғалым ӘБДІРАХМАН, Алматы облысы, Талғар ауданы
Білім басқармасы маманының айтуына қарағанда, 1 қыркүйекке дейін жасы алтыға толған балалар ғана мектепке қабылданады. Алты жасқа толмаған балалар мектепке қабылданбайды. Сондай-ақ балалардың мектепалдық даярлық сыныпта оқуы міндеттелмеген, сондықтан баланың жасы алтыға толған болса, мектепалды даярлық сыныпты оқымаса да, мектепке қабылдана береді. Дегенмен бірінші сыныпқа келген балалардың деңгейлері бірдей болуы үшін баланың мектепалды даярлық сыныпта оқығаны дұрыс. Өйткені балабақшада тәрбиеленген балалар мектепалды даярлық сыныпты оқып, әріп танып, сөздерді оқи алатын деңгейде мектепке келеді.