Мектеп медбикелерін Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына бере ме?
«Мектептердегі медицина қызметкерлерін білім саласынан алып, Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына бергелі жатыр екен» деп естідім. Осы рас па?
Дүрия ИЛХАМОВА, Алматы облысы
2011-2015 жылдарға межеленген «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрліктері арасында ведомствоаралық келісім жасалған.
Аталмыш бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – балалар мен жасөспірімдердің тәни және психологиялық денсаулығын қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
– Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешенді ұстанымды қамтамасыз ету;
– білім беру ұйымдарында денсаулық үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны құру;
– мектеп оқушыларына денешынықтырумен айналысуға жағдай мен мүмкіншілік жасау;
– тұтас жүйені дамыту – физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, СӨС ұстануға, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметін құру;
– мектеп оқушылары мен жастардың арасында есірткілерді тарату мен тұтынуға, темекі шегуге және алкогольға қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету;
– балалар мен жасөспірімдерді теңгерімді және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету.
Сол себепті жалпы білім беретін ұйымдардағы медицина қызметкерлерін Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына өткізудің қажеттілігі жоқ.