Мекемедегі бұйрықтардың журналда реттелуі қалай?

Мен таяуда хатшы болып жұмысқа орналастым. Өз жұмысыма байланысты білгім келгені – бұйрықтар қанша папкаға бөлінеді? Негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың, жеке құрам бойынша бұйрықтардың папкаларына қандай бұйрықтар тігіледі және олардың сақталу мерзімі қандай? 
Майра Қасым,
Алматы облысы

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрiнiң 2009 жылғы 25 қыркүйектегi №128 Бұйрығының 3-параграфына (Бұйрық пен өкiмдi дайындау мен ресiмдеудiң ерекшелiктерi) сәйкес, бұйрықтар мен өкiмдер құқықтық сипаттағы шешiмдер, сонымен қатар жедел ұйымдастыру, кадр және ұйым жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша ресiмделедi (7-8-қосымша). Бұйрықтар күнтiзбелiк жыл шегiндегi реттiк нөмiрмен нөмiрленедi. Негiзгi қызмет бойынша, жеке құрам бойынша бұйрықтар және өкiмдер бөлек нөмiрленiп, өздерiне тиiстi журналдарда тiркеледi. Бұйрықтың мәтiнi екi бөлiмнен тұрады: айқындаушылық (кiрiспе) және өкiмдiк. Айқындаушылық бөлiмде бұйрықты дайындауға негiз болған мақсаттар мен мiндеттер, фактiлер мен оқиғалар баяндалады. Егер бұйрық басқа құжаттардың негiзiнде дайындалса, онда айқындаушылық бөлiмде аталмыш құжаттың атауы iлiк септiгiнде, оның авторы, уақыты, нөмiрi мен тақырыбы көрсетiледi. Әдiлет органдарында тiркелген нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме жасаған кезде, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Реестрiнде тiркелген нөмiрi қосымша көрсетiледi. Бұйрық жобасындағы кiрiспе "БҰЙЫРАМЫН" сөзiмен аяқталады. Өкiмдiк бөлiмде берiлген тапсырмаларды тiзбелеу әр iс-қимылдың орындаушысы мен орындалу мерзiмiн қамтуы қажет. Өкiмдiк бөлiм тармақтар мен тармақшаларға, абзацқа бөлiне алады. Тармақтар мен тармақшалар араб цифрымен нөмiрленедi. Абзацтың алдында сызықша немесе басқа белгiлер қойылмайды. Бiр сипаттағы iс-қимылдар бiр тармақшада тiзбелене алады. Орындаушылар ретiнде құрылымдық бөлiмшелер немесе нақты лауазымды тұлға көрсетiле алады. Өкiмдiк бөлiмнiң соңғы тармағында бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелген құрылым немесе лауазымды тұлға туралы мәлiметтер болуы мүмкiн. «Құжатқа қосымшаның бар болуы туралы» деректеме бұйрық мәтiнiнен кейiн дербес ресiмделмейдi.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста