Мен бала тууға байланысты демалыста отырмын. Декреттік демалыс аяқталған соң, ақылы еңбек демалысына шыға аламын ба? Оның көлемі қандай болуы керек? Маған мектеп тарапынан қандайда бір материалдық көмек көрсетіле ме?
Сырғаш ӨТЕШОВА, Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, әйелге, қалауы бойынша, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. 2. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік, босану мен аналық кезді міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілігі мен босануына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Аталған әлеуметтік төлемдер жұмыс берушінің жұмысшысы үшін әлеуметтік тәуекел пайда болғанға дейін Қорға ай сайын төлеген әлеуметтік аударымдары негізінде анықталады. Егер мекеме ішіндегі ұжымдық шартта немесе еңбекақы төлеу жөніндегі ережеде көрсетілген болса, жұмыс беруші жұмысшысы нәрестелі болған жағдайда материалдық көмек жасауына болады. Бұл материалдық көмектің көлемі жұмыс берушімен жеке анықталады.
Материалдық көмек көрсетіле ме?
Последние статьи автора