Массаж-кереуеттің пайдасы қандай?
Қаламызда «Серагем» массаж-кереуетінің кереметін насихаттап жүргендер көбейді. Осы массаж-кереуеттің адам денсаулығына пайдасы бар ма?
Айжан Сәкенова, Астана қаласы
Дәрігер Қарлығаш Ташауованың мәліметінше, «Серагем» сөзі қытай тілінен аударғанда «таспен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Бұл тас – асыл тастарға жақындау келетін нефрит тасы. Сонымен бірге "Серагем" массаж-төсегінде карбон (табиғи көміртегі) пайдаланылады. Медицина, технология және конструкторлық саладағы дүниежүзі ғалымдарының бірігіп жасаған бұл құралы арқылы әлемдік альтернативалық медицинаның 4 түрлі: мануальды терапия, қытайдың алтын, күміс инемен емдеу тәсілі, тибет медицинасының нүктелі қыздыру (прижигание) және массаж әдістерін бір мезетте пайдалану іске асырылады. Мұндай массаж – кереуетті дүниежүзінің 55 мемлекетінде қолдана бастаған. Әрине оның пайда-зиянын тұтынушы өзі анықтай жатады.