Мәшһүр Жүсіп бата берген басылым

Баянауылдан шығатын «Баянтау» газеті ашылғанда әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпеев бата берген деседі. Бұл газет әлі де шығып тұра ма?
Молдабек САПАРҒАЛИ,
зейнеткер, Алматы облысы
Павлодар облысындағы Баянауыл аудан­дық «Баянтау» газеті биыл өзінің 80 жылдық мерей­тойын атап өтуде.
Аудандық газеттің алғашқы саны 1931 «Ле­нин туы» деген атаумен шыққан. Басы­лымның тұңғыш саны шығарда, жаңа ұжы­м­ға кезінде баянауылдықтардың атақты жер­лесі, қазаққа есімі әйгілі этнограф, философ және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп ақсақалдың өзі батасын бер­ген.
Газеттің алғашқы редакторы Алаш аза­маты Ғалым Майлыбаев болды. Осында халық жазушысы Дихан Әбілов, талантты журналист және жазушы Сүлеймен Баязи­тов, Павлодар мемлекеттік университеті журналистика кафе­драсының меңгерушісі Қырықбай Алдабергенов өздерінің шығар­машылық жолын шыңдаған.
Соңғы 40 жыл бойы «Баянтау» газетінің редакторы қызметін белгілі журналист-публи­цист Шәкірат Шалбай атқарып келеді. Ол 1960 жылы осында 17 жасында кор­рек­тор болып қызметке алынған болатын. Жақында ғана ме­рей­­тойын атап өткен басы­лымға тарту ретінде облыс әкімі газет редакторына «Павлодар облы­сы алдындағы сіңірген еңбегі үшін» бел­гісін тап­сы­рып, темір тұлпардың кілтін табыс етті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста