Жер беті тұрғындарының бір бөлігі болашақта Марсқа көшуге әрекет жасап жатқанын естідім. Бұлай болуы мүмкін бе?
Зере СЕРІКБЕК, Алматы
Шынымен де, жердегі адамдардың 170 мыңдайы Марсқа түбегейлі көшуді ойлайтын көрінеді. Олар 2023 жылға қарай Қызыл планетаға қоныстану мақсатында голландтық Mars One компаниясы ұйымдастырған жобаға өтініш берген. «Ғарыштық жобаның» құны 6 миллиард долларды құрайды. Бүгінге дейін 140 елден 165 мың ерікті тіркеліп, 5 доллардан 75 долларға дейін төлеп те қойған. Компанияның негізін салушы әрі бас директоры Бас Лансдорп «жаңа қонысқа» Жердің миллионнан астам тұрғыны тіркеледі деп үміттенеді. Әрқайсысында төрт адамнан болатын алғашқы алты топ 2015 жылға қарай аттанбақ. Негізі, Марсқа алдымен роботтар жіберіледі. Олар 2016-2020 жылдар аралығында тұрғын үй мен қызметтік модульдерді дайындаумен айналысатын болады. Адамдары бар ғарыштық аппараттың ұшырылуы 2022 жылға жоспарланған. Олар Қызыл планетаға 2023 жылы қонады. Сапар жеті айға созылады. Алғашқы төрттікте екі ер адам, екі әйел болады. Кейін әрбір екі жыл сайын басқа да адамдар келе бастайды. Лансдорптың айтуынша, Марстағы ортақ тіл ағылшын тілі болмақ.
Марсқа көшу аңыз ба, ақиқат па?
Последние статьи автора