Маршалл жоспары қандай елдерге көмек көрсеткен?
Маршалл жоспарының авторы кім? Осы бағдарлама аясында қандай мемлекеттерге көмек көрсетілген?
Медет, Қызылорда қаласы
Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін Батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы қабылданды. Бұл көмектің ресми атауы Маршалл жоспары (Еуропаны қайта құру бағдарламасы) деп бекітілді. Өйткені 1947 жылы маусымның 5-і күні Джордж Кэтлетт Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде осы идеяны ұсынған болатын. Осы бағдарлама Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі АҚШ-тың экономикалық ықпалын азайтты. Әу баста жоспардың шарттарын 16 мемлекет (Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург, Швеция, Норвегия, Дания, Ирландия, Исландия, Португалия, Австрия, Швейцария, Грекия, Түркия мен Батыс Германия мақұлдады. 1947 жылы шілдеде «Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасын» жасайтын экономикалық қатынастар ұйымын құру жөніндегі конвенцияға қол қойды. Қаржыны үйлестіру ісі АҚШ үкіметінің бақылауында болды. Нәтижесінде бағдарлама аясында Батыс Германия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Люксембург, Дания, Франция, Грекия, Исландия, Ирландия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Швеция, Швейцария, Түркия мемлекеттеріне көмек көрсетілді.