Мандолина қай ұлттың аспабы?
Естуімше, Шәмші Қалдаяқов мандолина аспабында жақсы ойнаған деседі. Әндерінің көпшілігін осы аспапта шығарған екен. Менің білейін дегенім, осы мандолина қай ұлттың аспабы?
Керімше Сәбитқызы, Шымкент қаласы
Мандолина – ішекті-шертпелі шағын ғана музыкалық аспап. Оның шектері саусақтармен емес, арнайы медиатормен шертіледі. Мандолинаның металл шектері қысқа дыбыстар шығарады. Мандолина ең алғаш XVI ғасырда Италияда пайда болған. Ал келесі жүзжылдықта бұл аспап әлемнің түкпір-түкпіріне тарап үлгерді. Аталмыш аспаптың ең кең тараған түрі – скрипкаға ұқсас төрт ішекті неаполитандық мандолина. Ал миландық мандолинада бес ішек болады. Мандолинаға кейде гитараны да жатқызады. Алайда мандолинаның гитарадан біршама айырмашылығы бар. Мандолина – жеке орындауда да, ансамбльдік орындауда да кеңінен пайдаланылады. Кеңестік кезеңде мондалина аспабы Ресейде өте танымалдыққа ие болған.