Ауылда есегіміз бар еді. Екі апта бұрын терісі құтырып, өзі түшкіріп-пысқырып, ауырып қалыпты. Мал дәрігері оған «маңқа» деген диагноз қойған екен. Бұл қандай ауру? Адамға жұға ма?
Бақытбек ДОСМҰХАМЕДОВ, Шығыс Қазақстан облысы
Маңқа – көбінесе жылқының және басқа бір тұяқты жануардың кеңсірігінде болатын жұқпалы, жазылмайтын қауіпті ауру. Мамандардың тілімен айтқанда, ол контагиозды, яғни жылдам жұғатын індет. Зоонозды бактериялы, созылмалы ауру деп те есептеледі. Ауру Burkholderia mallei бактериясынан пайда болады. Ауру жануардың кеңсірігі іріңдеп, тұмсық терісі құтырып кетеді. Маңқа жылқылардан өзге малдарға, сондай-ақ адамға да жұғуы мүмкін. Соңғы кездері бұл ауру өте сирек кездесетін болған. Мамандардың айтуынша, мұның себебі бір кездері ауру малдардың жаппай өртелуі мен түпкілікті залалсыздандырылуы арқасында індет қоздырғышы 90%-ға жойылып кетті.
Малдың маңқасы адамға жұға ма?
Последние статьи автора