Малайзияда әкімшілік сыбайлас жемқорлық жойылған
Әр елдің сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілі әрқалай. Дамыған ел Малайзия елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі қандай?
Эльдар, Алматы облысы
Бұл елде малайзиялық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Академиясы (МАСА-ары қарай ) қызмет атқарады. Бұл азиаттық-тынықмұхиттық өңірдегі осы саладағы тұңғыш институт болып табылады. 2005 жылдың желтоқсанынан жұмыс істеп келе жатқан малайзиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бір бұтағы іспеттес. МАСА сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуетті көтеру бойынша ең үздік тәжірибелерді зерттеп, қолданылуын бақылап, мониторинг жүргізуші өңірлік орталық болып табылады. Малайзия елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіндегі жетістіктері қызмет етіп тұрған Малайзиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пеноның бөлімшесі Академияның алдын алу шараларын ұйымдастыруымен тығыз байланысты. Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту бағдарламаларын қамтамасыз ететін оқытушылар құрамы мен қызметкерлер штаты бар. Сонымен қатар Академиялық, зерттеу, дамыту жөніндегі, халықаралық оқыту орталығы деп аталатын төрт департаменті бар. Малайзияда әкімшілік сыбайлас жемқорлық жойылды деп айтуға болады. Бұл үш бағыттағы кешенді саясатты жүргізудің нәтижесінде іске асты: мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу; мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды қатаң сақтауы; мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын өсіру. Үздіксіз түрде әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеулер « қалың бұқара арасында жүру» жолы арқылы жүргізіліп отырады. Бұл халықтың сыбайлас жемқорлыққа кері пікірлерін қалыптастыруға әсер етеді.