Макулатура қанша тұрады?

Кезiнде мектеп оқушылары мен кейбiр мекеме қызметкерлерi түрлi қағаздардың қалдықтарын жинатып, тегiн макулатура өткiзiп жататын. Қазiргi уақытта макулатураны сатып алатындар қағаз қалдықтарын қаншаға бағалайды?
Айдос НҰРҚОЖА,
Талдықорған қаласы
Өндiрiс қалдықтарын өңдейтiн кәсiпорындар қажеттi қағаз қалдықтарын негiзiнен баспаханалардан, бiлiм беру ошақтарынан, супермаркеттерден сатып алады. Қағаз қалдықтарының бағасы сапасына қарай белгiленедi. Мысалы, ескi газеттердiң бiр келiсi орта есеппен 35 теңгеге бағаланады. Ал қатты картон мен кеңселерде қолданылатын ақ қағаздардың құны едәуiр жоғарырақ. Осы қалдықтар өңдеуден өтiп, олардан қайтадан қағаз, картон жасалады, ал олардан қалған қалдық жиһаз өндiрiсiне пайдаланылады.
Мысалы, жапондықтар қағаз қалдықтарын арнайы макулатура қабылдайтын орындарға өткiзiп, күнделiктi тұрмысқа қажеттi сабын, кiр жуатын ұнтақ сияқты заттарға айырбастайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 тамыздағы N 908 Қаулысымен қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, басқа да макулатураның Қазақстан Республикасының аумағынан әкетiлуiне тыйым салынған. Бұл отандық тауар өндiрушiлердi қолдау, бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару және дайын өнiм экспортын ынталандыру есебiнен iшкi өндiрiс көлемiн арттыру мақсатында қолға алынған мемлекеттiк шаралардың бiрi болып саналады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста