Қазір көпшілік бірнеше адам болып жиналып, «Мафия» деген ойын ойнауды әдетке айналдырды. Бұл ойынды кім ойлап тапқан?
Жадыра, Қызылорда қаласы
«Мафия» – шытырман оқиғалы сюжетке құрылатын психологиялық рөлдік, командалық ойын. Ойынның сипатын бір-бірі жайлы толық ақпараттанып, өзара ұйымдасқан шағын топтың ұйымдаспаған, бытыраңқы көппен күресі деп түсіндіруге болады. Ойынның ең қарапайым түрінің шарты мынадай: модератор топтың ішінен «мафия», «дәрігер», «полицей» сияқты кейіпкерлерді жабық түрде таратылған ойын карталары арқылы анықтайды. Ары қарайғы драманы өздеріне берілген рөлдер бойынша кейіпкерлер өздері дамытуы тиіс. Қалың көп пен дәрігерлер, тіпті ішінен «мафия» екенін білетін адам да сол белгісіз қылмыскерді табуға әрекеттенуі қажет. Нағыз «мафияны» табу қатысушылардың психологиялық артықшылықтарына және әртістік шеберлігіне тәуелді. Ойын ақ пен қараның, жалған мен ақиқаттың аражігін ажыратуды көздейді, оның соңы қылмыскерді дәл табумен аяқталып жатса, психологиялық басқатырғының сәтті шешілгені. Бұл ойынды 1986 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің психология факультетінің студенті Дмитрий Давыдов ойлап тапқан. Әуелі жатақханада ойналған тартымды басқатырғы кейін КСРО-ның шекарасынан асып, Еуропа елдері мен Америкаға кең тарады.
«Мафияны» кім ойлап тапқан?
Последние статьи автора