Мәдениет күндері қашан өтеді?

Естуімше, алдағы уақытта Түркияда Қазақстанның мәдениет күндері өткізілмекші екен. Осы жөнінде нақты ақпарат берсеңіздер.
Нұрзия БОЛАТҚЫЗЫ,
Алматы облысы
«Қазақ халқының Мәдениет күндері» деп аталатын ауқымды мәдени-танымдық шара­лар Түркияда 9-11 наурыз күндері өтеді деп жоспарланған.
Аталған мәдени шараны Ыстамбұл қала­сының Қазақ-түрік қоры мен Дүниежүзі қазақ­та­ры қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Қауымдастық таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта Түркияда тұрып жатқан  қазақ диаспорасының тарихы ХХ ғасырдың 50- жылдарынан бастау алады. Түрік елінде өтетін қазақ халқының Мәдениет күні аясында Ыстам­бұлда Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мама­шев қазіргі Қазақстан жайлы арнайы баяндама жасап, сөз сөйлейді деп күтілуде. Қазақ  диас­порасының өтініші бойын­ша аталған қауым­дастықтың 20 жылдығына орай Түркияда үлкен концерт әзірленуде. Ыстам­бұл қаласында өтетін бұл концертке ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, еліміздің мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаева, Еркін Мерген, Өмірқұл Айниязов және халықаралық байқау­лардың жеңімпазы Уатқан Заханқызы сынды өнер саңлақ­тары қатыспақ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста