Лоббизм деген не?

Лоббизм сөзі көбірек қолданыла бастады. Бұл ұғым қайдан шықты және мағынасы қандай?
Елдос,
Алматы облысы
Лоббизм – (ағылш. 'lobby' – мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) – билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асы­рылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің лоббис­тердің – нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заң жоба­сын жақтап, талап етілетін Үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. Осы мақсатпен жеке кездесулер, байланыстар, келіссөздер ұй­ымдастырылады, ғылыми-зерттеулердің нәтижесі баяндалған, қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары көрсетілген хат және телеграммалар табысталады. Әдетте лоббистер өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайды, «ауыз бастырық», пара беру, қызмет көрсету, қоқан-лоқы жасау, арандату және т.б. әре­кеттерге дейін барады. Лоббизм АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда мұнда лоббизм – тек мәжілістен тыс жерлерде уағдаласу (ол да кеңінен таралған) ғана емес, сонымен қатар заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңес­шілер ретінде дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады. Лоббизмді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Екеуінің аражігін ажырату қиынға соғатындықтан, оған саяси құбылыс ретінде қарау да біржақты емес. Лоббизмге екі тәсіл қолдану қалыптасқан: тыйым салушы және құқықтық-реттеушілік. Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады. Екінші тәсілдің жақтаушылары лоббистік бел­сенділікті құқықтық шеңбермен шектеуді ұсынады. Мысалы, Фран­цияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШ мен Канадада заңмен реттеледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста