Әдетте, «суық тиіп ауырғанда лимонмен шай ішкен пайдалы» деп жатады. Шынымен де, лимонның пайдасы зор болғаны ма?
Арайлым БЕЛГІБАЕВА, Талғар қаласы
Сенімді дереккөздерге сүйенер болсақ, мұндайда лимоннан гөрі апельсиннің пайдасы көбірек көрінеді. Өйткені лимондағы аскорбин қышқылы, яғни адам иммунитетін көтеруге негіз болатын С дәрумені апельсинге қарағанда шамамен 30%-ға аз екен. Сол себепті де, орташа көлемдегі бір апельсин жеу арқылы өз организміңізді аталған дәруменнің күндік нормасы – 60 мг-мен қамтамасыз ете аласыз. Егер лимонның екі тілігін ыстық шайға салар болсаңыз, ондағы аскорбин қышқылының әсері әлдеқайда төмендейді. Сондықтан организмдегі С дәруменінің жетімсіздігін басқа жолдармен толықтырған тиімді. Бұл ретте, грейпфрут, киви, болгар бұрышы немесе мандарин жемістерін қолданған да пайдалы. Тұмау-сымау маусымы қашан басылғанша, аталған дәрумендер көмегіне жүгіну арқылы аскорбин қышқылының күндік нормасын қалайда толтыруға тырысқан абзал.
Лимонның пайдасы қаншалық?
Последние статьи автора