Лицензияны қалпына келтіру мүмкін бе?
Адвокаттық қызмет көрсету үшін берілген лицензия мен соған қатысты басқа да құжаттарды жоғалтып алған кезде оны қайта қалпына келтіруге бола ма? Қандай құжаттар қажет? Лицензияны электронды үкімет порталының көмегімен жаңартуға бола ма?
Абзал Рахметоллаұлы, Алматы қаласы
ҚР Әділет министрлігі мамандарының хабарлауынша, ҚР «Лицензиялау туралы» Заңының 47-бабына сәйкес, лицензияны жоғалтып немесе бүлдіріп алған кезде оның дубликатын жасатуға болады. Құжатты қалпына келтіруге өтініш берілген күні бұрын берілген лицензия жарамсыз деп танылады. Лицензияны қалпына келтіру үшін арыз, жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмесі, лицензиялық салым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, лицензияның жоғалғанын немесе жыртылып қалғанын айғақтайтын құжаттар талап етіледі. Лицензия дубликатын elicense.kz порталының көмегімен де жасатуға болады.