Квас қайдан шыққан?
Наннан немесе жеміс-жидектен жасалатын квас сусыны – көпшілік тұтынатын өнімнің бірі. Мен квастың әлемдік өндірісі жайлы білгім келеді.
Амантай БЕРМҰҚАШЕВ, Алматы қаласы
Соңғы он жыл ішінде дүниежүзі бойынша квас өніміне сұраныс 10 есе өскен. 2006 жылдан бастап, квас нарығы газдалған сусындарға қарағанда бірнеше есе артып келеді. Мамандардың есебінше, миллион тұрғыны бар қалаларда жаздың аптабында квас сусыны тәулігіне 50 тонналап сатылған. Болжам бойынша, алдағы жылдары бөтелкеге құйылған квас 49%-ға өседі, яғни жылына 63 млн декалитр квас сатылатын болады. Жаздыгүнгі адам айтқысыз ыстық кермек дәмді сусын өндірушілер үшін қолайлы болып тұр. Қазақстанда бұл сусынды Қызылорда, Шымкент, Тараз қалалары өндіреді. Квастың тарихы жайлы айта кетер болсақ, ең алғаш біздің дәуірімізден 3000 жыл бұрын оны мысырлықтар ішкен.