Күзетшіге жалақы қалай төленеді?
Мәдениет үйінің штаттық кестесінде екі күзетші кешкі сағат 18.00-ден таңғы 08.00- ге дейін ауысыммен жұмыс істейді. Күзетшілерге айлық күнделікті 8 сағатқа төленуі керек пе, әлде 12 сағатқа ма?
Жантас Есенғалиев, Ақтөбе облысы
ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, өндiрiстiк процестiң ұзақтығы не жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiнiң режимi күнделiктi жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгiленуi мүмкiн.
Бұл ретте, Кодекстің 89-бабына сәйкес, үстеме жұмыстар әрбiр қызметкер үшiн тәулiк iшiнде – екi сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда бiр сағаттан аспауға тиiс.
Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына 12 сағаттан және жылына 120 сағаттан аспауға тиiс.
Ауысымдық жұмыс кезiнде қызметкерге барлық нақты жұмыс атқарған сағаттарына төлем жүргізіледі.
Сонымен қатар азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына, 19-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне түнгі уақытта жұмыс істегені үшін кешкі сағат 22.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін әр сағат үшін сағаттық ставканың 50% мөлшерінде қосымша ақы төленеді.