Жер қарайып көктем шығысымен, мұрным бітіп, көзім қышып, түшкірумен боламын. Ауа да жетпей қалады. Аллергологтердің тамызатын, шашатын дәрілерінен шаршадым. Маусымдық аллергияны басқаша жазуға болмас па екен?
Батыр ӘЗІМБАЕВ, Семей
Аллергияның дүниежүзі бойынша кең тарауы оны медициналық-әлеуметтік өзекті мәселеге айналдырып отыр. Бүгінде әлемдегі адамдардың 20 пайызы аллергиямен ауырады екен. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсуде. Аллергия – иммундық жүйенің қателескен әрекеті. Аллергиялық реакция иммундық жүйенің қауіпсіз ақуыздарға ағзаға қауіпті дүние деп қарауынан туындайды. Соның ішінде ең кең тарағаны – маусымдық ринит. Ол адамның тыныс алу жолдарын жабады. Алғашында бұл бал, цитрустық жеміс-жидектер, жаңғақтар мен кейбір тәттілердің ағзаға жақпауынан дененің бөртіп, қышуынан пайда болады. Және аллергия тудыратын да осы тағамдар. Аллергияны уақытша басатын дипроспан деген дәріге жүгірмеңіз, мұның соңы семіздікке душар етеді. Әсіресе І қан тобындағылар сақ болсын.
Денесі қышып, бөрте бастаған адам тұзды суда ванна қабылдаса, аллергия қайтады. Аллергологтердің аллергиямен ауыратындарға тұзды көлдерге барып емделу арқылы жазылады дегені сондықтан. Бірақ ала жаздай көлге баруға мұршасы болмайтын адамдар ең алдымен қанын тазартуы қажет. Жылына бір рет донор болып, қан тапсырғаннан адамның қаны тазарады, аллергиядан ада болады.
Ең абзалы – себетін, тамызатын дәрілерге жүгінбей, қаныңызды тазартуды ойлаңыз. Ол үшін таптырмайтын ем – күріштің суы. 3-4 ас қасық күрішті жуып, 2-2,5 стақан суға 15-20 минуттай қайнатып, аш қарынға таңертең ішу керек. Күріш суы ағзаны тез әрі пайдалы түрде тазартады. Ерінбесеңіз, әр тамақ алдында күріш суын ішсеңіз, 7-10 күнде нәтижесін байқайсыз.
Күріш аллергияны басады
Последние статьи автора