Төрт жастағы балам бар. «Қара көзілдірік алып бер» деп мазамды алады. Оған көзілдірік алып берейін десем, зияны бар ма деп қорқамын. Сұрайын дегенім, балаға қара көзілдірік тағуға бола ма?
Сабина Мұратова, Алматы қаласы
Дәрігер мамандардың айтуынша, күн сәулесінің көзге тікелей түсуі көз тұңғиығына ғана емес, көздің тор қабатына да зақым келтіреді. Сондықтан күн ыстықта мейлінше көлеңкелі жерді паналаған жөн. Ал ол мүмкін болмаса, жас балаларға да күннен қорғайтын көзілдірік таққызу керек. Бірақ мұндай көзілдіріктерді түрлі дүкен сөрелеріндегі денсаулыққа қатысы жоқ, сән мен сауда үшін жасалған емес, оптикалық көзәйнектер сататын орталықтардан алған дұрыс. Арзан пластикалық көзілдіріктер көздің алдын қарайтып көрсетумен қатар, қарашыққа салмақ түсіріп, оның тамырларына күш түсіреді. Одан баланың көру қабілетіне зақым келеді. Жас балаға күннен қорғайтын көзілдіріктің қоңыр, қою жасыл линза түрлерін алуға болады. Қара, қою қоңыр түстіні балаға бермеңіз. Сары, қызыл түстер көзді шағылыстырады. Тағы бір ескертетін мәселе – күн төбеден түсіп тұрғанда балаға бетті де сәуледен қорғайтын жиекті жеңіл қалпақ кигізу керек.
Күннен қорғайтын көзілдіріктерді қалай таңдаған дұрыс?
Последние статьи автора