Мектепте техникалық қызметкер болып жұмыс істеймін. Жалақысы аз болғандықтан, екі ставкада жұмыс істейін десем, мектеп директоры: «ол – заңбұзушылық», – дейді. Осы дұрыс па?
Сара Төремұратова, Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы мамандардың айтуынша, ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, (198-б) негізгі жұмыс орны бойынша күнделікті жұмыстың және қоса атқаратын жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығы нормасынан (яғни, 8 сағаттан) 4 сағат артық аспауға тиіс. Осы орайда, кез келген қызметкерлердің екі ставкада (яғни 16 сағат бойы) жұмыс істеуіне жол берілмейді. Сонымен қатар, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті жағдайларда жұмыс атқаратын қызметкерлерге қоса атқаратын жұмыстарда істеуге болмайды.