Кун ұстаз деген кім?
Кейбір ғылыми кітаптардан шығыс ғұламасы «Кун ұстаз» айтқан екен дегенді оқып қаламыз. Ол әйгілі Конфуций емес пе? Сол жайлы толығырақ білуге бола ма?
Салтанат ЕМБЕРГЕНОВА, Арқалық қаласы
Дұрыс айтасыз. Конфуций Кун-цзы (Кун ұстаз) (б.э.д. 551– 479 жж.) кедейленіп кеткен атақты кісілердің отбасында дүниеге келген, өмірінің көбісін Лу патшалығында өткізеді. Жас кезінде шенеунік қызметін атқарып, кейін Қытайда алғашқы болып жеке мектептің негізін қалаған. Еңбек ете жүріп жинақтаған тәжірибесін, өмір философиясын іске асырып, кейінгі ұрпақ игілігіне қалдырған. «Лунь юй» кітабына әңгіме-дүкен, пайымдар, оқушылары мен шәкірттерінің көзқарастары мен әңгімелерінен жазбалар енген. Оның ілім-білімі адамгершілікке – адамдардың этикалық және әлеуметтік қарым-қатынасына арналып, ата-бабаларына қошемет, жасы жағынан да, дәрежесі жағынан да өзінен жоғары адамдарды құрметтеу, т.б. ізгілікке негізделген. Конфуций ілімі басқа ілімдерден басым болған кезде (б.э.д. 136 ж. кейін) дүниежүзі философты «11 мың ұрпақтың ұстазы» деп таныды. Оның «Лунь юй» және «Шицзин» (музыка өнері) атты шығармалары бар.