Ежелгі даттықтар күйеуіне адал болмаған әйелдерді өлтірген. Ол уақытта адам өлімі үшін тек айыппұл салынған екен. Ал моңғолдар болса махаббатқа тұрақсыз әйелдерін екіге бөліп өлтірген. Тонкинский королдігінде күйеуіне адал болмаған әйелді пілдің таптауына тастаған. Сиамада да әйелдерді жазалауға пілді қолданған. Десек те аталмыш елдің заңдары Тонкинский королдігімен салыстырғанда жұмсағырақ болды. Күйеуіне адал болмаған әйелді арнайы жерге кіргізген. Піл оны пілдің ұрғашысы ретінде қабылдап әйелмен шағысады екен. Ежелгі бретонецтер осыған ұқсас шараларды қолданған. Африкада кішігірім Лугана королдігі бар. Онда күйеуі көзіне шөп салған әйел мен оның ашынасын биік жардан лақтырады. Галдықтар әдетте олардың денесіне лай жағып, қала ішімен сүйреген. Кейбір елдерде әйелді күйеуінің өзі жазалаған. Егер жұбайы өзіне адал емес екенін сезсе дәл сол жерде азаптай алады. Оны әйелінен зеріккен ер адамның одан оңай құтыла алатын бұрыңғы дәстүрдің жаңғырығы десе де болады. Дәл осындай дәстүр готтарда да болған. Яғни күйеуі әйелінің адалдығына күмән келтірсе өз қолымен жазалауға құқығы болған. Майами жабайылары әйелдердің мұрнын кесіп алады да, абиссиниялықтар оны көшеге шығарып бөлшектеген. Ал канадалық аборигендер күйеуінің көзіне шөп салған әйелдің басын тіліп, одан кейін бас терісін сыпырып алып отырған. Шығыс Рим империясында әйелдерді сауда алаңында қалаған еркекке сатқан екен. Диарбекирде қылмыскер әйелді отбасымен азаптаған. Отбасының әр мүшесі бір-бірден оған пышақ сұғу керек екен. Ал Грецияның кейбір өлкелерінде кез-келген адам күйеуіне шөп салған әйелді өлтіруге құқығы болған. Америкада француздық зерттеушілер жабайы Гуакс-Толиам тайпасын тапты. Тайпа заңы бойынша күйеуіне адал болмаған әйелді бөлшектеп, оның етін жейді. Готтентоттар некедегі адалдыққа үлкен мән берген. Неке заңына мойынсұнбаған әйелдерді өлім жазасына кескен. Кез-келген адамның куәлігі әйелдің кінәсін толықтай дәлелдей алған.
Күйеуіне адал болмаған әйелдер қалай жазаланған?
Последние статьи автора