Менің күйеуім біз некелеспей тұрып үй сатып алған. Енді алты жыл бірге тұрып, айырылыспақ ойымыз бар. Оның үстіне, қазір баламмен баратын жерім жоқ. Кезінде мен ол үйді толық жөндеуден өткізуге көп шығындандым. Енді менің бұл үйге қандай да бір құқым бар ма?
Надира, Арқалық қаласы
Заңгерлердің айтуынша, сіздің ол үйге толық құқыңыз бар. Өйткені Қазақстан Республикасы «Неке және отбасы туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, сіздің бұл үйдің бір бөлігіне деген құқығыңыз болуы тиіс. Аталмыш бапта былай делінген: «Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және с.с.) анықталса, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін». Сондықтан бұл ретте заңгерлермен ақылдаса отырып, әрекет еткеніңіз орынды болады.
Күйеуімнің меншігіне ортақтаса аламын ба?
Последние статьи автора