Күйдіргі адамға қалай жұғады?

Күйдіргі адамға қалай жұғады?

Соңғы кезде малдан адамға жұғатын аурулар жиі шығып жатыр. Соның ішінде, күйдіргі ауруы жайлы толығырақ мағлұмат берсеңіздер екен. Республикамызда күйдіргі ауруының жағдайы қалай? Індет адамдарға қалай жұғады?
Рахым САРМАНОВ,
Шығыс Қазақстан облысы
Ақылбек МЫРЗАБЕКОВ, МСЭҚК Санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы карантиндік және аса қауіпті аурулар мониторингі бөлімінің дәрігер- эпидемиологі:
– Ауру қоздырғышы – бациллалар (Bacil­lus anthracis) сыртқы ортаның әсеріне айтар­лық­тай шыдамды болмағанымен, олардың спо­ралары өте шыдамды келеді. Мысалы, спо­ралар 110 градуста – 10 минут, қайнап жат­қан суда – 1 са­ғат, 110 градус ыс­тық­та 3 сағатқа дейін шы­дайды. Ал сыртқы ортада, мысалы, топы­рақ­та споралар 50-100 жыл­дан астам сақталады.
Қазіргі таңда 1948 жылдан бастап жүргі­зіл­ген «Қазақстан Республикасындағы күй­діргі­ден стационарлық қолайсыз пункттердің ка­дастры» бойынша елімізде 1,5 мыңнан ас­там күй­діргі жұқтыру қаупі жоғары елді мекен мен 2,5 мыңнан астам күйдіргі індетінің оша­ғы тір­келген.
Елді мекендерді еріген қар сулары басып қалуы немесе сел шайып кетуі жағдай­ла­рында, сол сияқты каналдар қазу, жолдар салу немесе тұрғын үйлер мен ғимараттар салу ке­зінде жер қыртысын қопару жұмыс­та­ры ескі қо­рымдар арқылы жүргізілгенде жер астында жат­қан бацилланың споралары жер бетіне шы­ғып, тірі ағзаға тап болса, бірнеше сағат ішінде өзінің белсенділігін көрсете бас­тауы мүмкін.
Елімізде жыл сайын 5-10 адам күйдіргімен ауырады.
Көпшілік жағдайда індет ауырған малды сойғанда, жіліктегенде, ішек-қарнын тазала­ған­­да жұғады немесе мал өнімдерін шала пісі­ріп (шашлык, қуырдақ, бауырды шала пісіріп жеу т.б.) тамаққа пайдаланғанда, ал кейде си­рек те болса сол қолайсыз елді мекен­дерде әр­түрлі жұмыстар істегенде топырақтан да жұғуы мүм­кін. Қоздыр­ғыштар, негі­зінен, адам де­не­сіне терідегі ұсақ жа­ра­қаттар арқылы өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста