Осыдан бірнеше уақыт бұрын менің бауырымды полицейлер ұстап алып, «ұрлық жасады» деген айып тағып отыр. Оның ұрлыққа қатысы бар-жоғын өз басым білмеймін. Бір білетінім, ол – өмірі біреудің ала жібін аттамаған адам. Қазір тергеуші куә ретінде жауап беруге мені шақырып отыр. Сұрайын дегенім, мен куә болудан бас тартуыма бола ма?
Асхат Тоқтамысов, Алматы облысы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 82-бабына сай, куәнің қылмыстық жазаланатын әрекет жасағаны үшін оның өзі, жұбайы немесе жақын туыстары үшін ізіне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға құқығы бар. Әрине, мәселенің мән-жайын толық біліп алуыңыз үшін заңгердің көмегін қосымша пайдаланғаныңыз дұрыс.
Куә болудан бас тарта аламын ба?
Последние статьи автора