Жақында Алматыға барғанымда жастардың аузынан «фрилансер» деген сөз естідім. Бұл нені білдіретін сөз?
Зарина ҚАЛИХАНҚЫЗЫ, Арқалық
Соңғы кездері студенттер арасында «фрилансер», «фриланс» деген ұғымдар пайда болғаны рас. Фриланс ағылшын тілінен аударғанда freelance, яғни «еркін құс» деген мағынаны білдіреді. Өткен ғасырларда ақша үшін соғысатын жауынгерлерді осылай атаған. Фрилансер — нақты жұмысы жоқ, әркімдерден тапсырыстар алып, жұмыс істейтін адам. Қандай да бір мекемемен келісімшартқа отырмай-ақ жұмыс істей береді. Мұндай топқа жататын адамдар бір емес, бірнеше жұмысты қатар істеуіне болады. Олар, негізінен, психология, заң, бизнес, риэлторлық, маркетолог, өнер, журналистика, официант, дизайнер, репетитор сияқты салаларда жұмыс істейді. Фрилансер ұстау кәсіпкерлер үшін өте тиімді, себебі олар жалдамалы жұмысшының қандай да бір жауапкершілігін мойындарына алмайды және уақытқа емес, жұмыстың сапасына ғана ақы төлейді. Біздің елімізде фрилансерлер құқықтық тұрғыда толық қорғалмаған. Жұмыс берушіде кеткен есесін сот алдында да қайтара алмайды. Фрилансерліктің жағымды жағы да бар. Егер сіз өз ісіңіздің қас шебері болсаңыз, ортақ сайтқа тіркелсеңіз, шетелдерден де тапсырыстар алатыныңыз шүбәсіз.
Көзін тапсаңыз, жалдамалы жұмыстың да пайдасы шаш етектен
Последние статьи автора