Қарсы алдыңызда тұрған адамның қандай жан екенін сөйлеген сөзінен, сүйікті түсінен, бет-әлпетінің ерекшелігінен, жүрісінен тануға болады. Алайда адам туралы ең көп мәліметті көзі береді. «Көз – адамның ішкі жан дүниесінің айнасы» деп текке айтпаса керек. Олай болса, көздің түсіне қарап адам мінезін анықтап көрейік.
1. Қара көздердің иесі – бойында күш-қуаты мол, өмірді ерекше сүйетін, ынта-жігері мықты жан. Мінезі бір қалыпты деуге келмейді. Мұндай адамдарды алған бетінен қайтару мүмкін емес және ешкім де жолында кедергі бола алмайды. Олардың бұл қабілеті жеңіс қана емес. Сонымен қатар асығыс шешім қабылдауға түрткі болып, сәтсіздіктерге ұрындырады.
2. Қоңыр көздің иесі – табиғатынан сезімтал, өте ақылды, тартымды келеді. Бұлар - өте темпераментті адамдар. Адамға тез ренжіп, ренішін жүзінен байқатып, артынша жылдам ұмытып кетеді. Кемшілігі деп қырсықтығын айтуға болады. Астролог мамандар қоңыр көзді адамдардың ашық-жарқын келетінін, кез келген адаммен жылдам тіл табысатынын айтады. (Күн мен Шолпан, Сатурн энергиясының қосындысы). Бұл адамдар айналасына ғашық болып жүреді.
3. Көк көздің иесі – өте эмоционалды, сезімтал, романтик жандар. Түс Шолпан планетасына сай келеді. Олар серігіне ес-түссіз ғашық болады және өзіне дәл солай ғашық етеді. Олардың не ойлап тұрғанын анықтау мүмкін емес. Әрдайым әділдікті жақтайды. Қулығы да жоқ емес. Кемшілігі деп тәкаппарлығын айтуға болады.
4. Көгілдір көздің иесі жиі алдайды. Мақсатына берік болса да, тым сентименталды. Олар адамның көз жасына қарамайды. Кейде қатты ашуланып, себепсіз күйзеліске бой алдырады. Көп жағдайда көгілдір көздің иесі сабырлы келеді.
5. Сұр көздің иесі – ақылды және шешімді дұрыс қабылдаушы. Қиындыққа тап болса, қашпай, бірден шешімін табуға кіріседі. Тек ақылына ғана сенеді. Бұл адамдарға айналадағының барлығы да қызықты. Махаббат пен мансапта да жолы болады.
6. Жасыл көздің иесі – нағыз нәзік жандар. Таңдаған жандарына әрдайым адал болып, шын сүйеді. Достары сенімділігі мен мейірімін ерекше бағаласа, дұшпандары қатты мінезі мен айтқанын орындамай қоймайтындығынан қорқады. Серігін өте жақсы тыңдайды, үнемі ұтымды пікір айтады. Өздері басқарып отырған кез келген істі мінсіз етіп орындайды.
7. Жолбарыс тәрізді көздің иесі – сирек кездесетін талантты жандар. Олар қарсы алдында тұрған адамның ойын оқи алады. Әртістікке бейім, кез келген іске шығармашылық жұмыс секілді қарайды. Мұндай сарыға ұқсас түстегі көздер сирек кездеседі. Арам ойыңыз болмаса, бұл адамдармен сөйлесу рахат сезімін сыйлайды. Ғалымдардың көзге қатысты бұл зерттеуі нақты 100% сай келмесе де, оның бар екенін анық көрсетеді. Көз арқылы адамның мінезін ғана емес, ішкі жан дүниесінің қандай екендігін де анықтауға болады.