Мектеп жасынан бері көзілдірік киемін. Көзімнің көруі - астигматизм (-5). Окулистер көзілдірікті тастамай кию керек деген. Оны шешсем, дұрыс көрмеймін, тәуелді болып қалған секілдімін. Көзді емдеудің басқа жолы жоқ па?
Айнагүл ӘЗІМБАЕВА, Өскемен
Көздің көру қабілетін көзілдірік, керісінше, құртады, тәуелді қылады екен. Оны кимей-ақ жаттығулармен емдеуге әбден болады. Ресейлік профессор В.Г.Жданов: «Көру қабілетін қалпына келтіруге болады және қалпына келтіру кажет. Жас мөлшерінің ешқандай қатысы жоқ», – дейді. Сібір гуманитарлық-экологиялық институтының профессоры, Халықаралық психоаналитиктер ассоциациясының президенті Жданов бар ғұмырын осы салаға арнаған. Ол медициналық емес жолмен көздің жақыннан көрмеу, алыстан көрмеу, астигматизм, қыликөз, глаукома мен катарактаның алғашқы кезеңдерін емдеудің әдісін ұсынады. Ем-жаттығуларын әр адам өзі істейді. Жаттығулар шетелдік ғалымдар Бейтс пен Шичконың тәсіліне сүйенген. Ең нашар көретін көздің өзі екі-үш айда, ал орта қалыптағы бір айда жақсы көріп кетеді. Ең әуелі жалқаулықты тастау, ішкен асқа мән беру керек. Профессордың «Көзілдірікті тастайтын уақыт келді», «Көру қабілетін 100%-ға жеткізу» сабақтарын www.samohin.ru/video/zhdanov/zhdanov-zrenie.html сайтынан көруге болады. Жанарыңыз қырағы да жарық болсын!
Көру қабілетін көзілдіріксіз де жақсартуға болады
Последние статьи автора