Корфу процесі деген не?

Корфу процесі деген не?

Астанада өткен ЕҚЫҰ саммиті барысында Корфу процесі деген тіркес жиі айты­лады. Осы Корфу процесі жөнінде қысқаша анықтама беріп өте аласыздар ма?
Медет Әділжан,
Талдықорған
Былтыр 28 маусымда ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен Грекияның Корфу аралында тұңғыш рет ұйымға мүше-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бейресми саммиті ұйымдас­тырылған болатын. Сонда ұйым төрағасы Гре­кия­ның ұсынысы бойынша арманға ай­нал­ған «Бірыңғай Еуропаға» жету мақсатында 56 мемлекеттің ресми тұлғалары кәрі құрлықтағы ұлтаралық, нәсілдік дау-жанжал, шекаралық талас-тартыстарды реттеуші ме­ха­низмді реформалау жөнінде және «анағұр­лым қауіпсіз, анағұрлым тұрақты, анағұрлым қуатты Еуропа» тұрақты түрде консультациялар мен талқылаулар өткізіп тұруға бірауыздан келісті. Міне, осы бағыттағы Еуропадағы қауіпсіздік жөніндегі диалог «Корфу процесі» деген атауға ие болды. Корфу процесі деп ұйым кеңістігінде болып жатқан күрделі оқиғаларға байланысты қатысушы елдердің логикалық реакциясы деп тануға болады. Греция төрағалығы кезінде Афиныда ЕҚЫҰ-ның екі бірдей құжаты – Корфу процесі бойынша декларациясы және осы процесс туралы шешімі қабылданды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста