Көпбалалы аналарға зейнетақы қалай төленеді?

Көпбалалы аналарға зейнетақы қалай төленеді?

Мен 2012 жылдың желтоқсан айында 53 жаста 8 баламен көпбалалы ана ре­­тінде зейнеткерлікке шықтым. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өті­­­лім 17 жыл болды. Маған 8000 теңге зейнетақы тағайындапты. Осы дұрыс па? 
Тәттігүл НӘДІРБАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, ҚР «Қа­зақстан Республикасында зей­нет­ақы­мен қам­сыз­дандыру туралы» За­ңына сәй­кес, бес және одан да көп бала туып, олар­­ды сегіз жасқа дейін тәр­бие­леген әйелдер жасына байланысты зей­нет­ақыны толық кө­лемде 53 жасқа тол­ғанда және 1998 жыл­дың 1 қаң­та­рына де­йінгі  20 жыл ең­бек өті­лі бол­ған жағ­дай­да алу­ға құқылы. ҚР «Қа­зақстан Рес­пу­бли­ка­сында мүгедек­ті­гіне, асы­рау­шы­­сынан айы­рылу жағдайы бо­­йын­ша жә­не жа­сы­на байланысты бе­рілетін мем­­ле­кеттік әлеу­меттік жәр­дем­ақылар ту­ра­лы» За­ңы­на сәй­кес, зей­нетақы тө­леміне құқығы бол­маған жағ­дайда, яғ­ни 53 жасқа то­лып, бірақ еңбек өтілі 20 жыл­­ға жет­пе­генде, жасына байланысты мем­лекеттік әлеу­меттік жәрдемақы (бұ­дан әрі – жәр­демақы) та­ға­йын­далады. Оның мөлшері ең төменгі күн­көріс мөл­ше­рінің жартысын құ­райды. Сонымен, ең­бек  кі­тап­ша­ңыз­дағы  өтіліңізге  ба­ла­ла­ры­­ңыз­ды үш жасқа дейінгі жұмыс істе­ме­ген мерзімде туып-бақ­қан уақытыңыз тү­гел қо­сылады. Сіздің жағ­дайыңызда ең­бек өтіліңіз 20 жылға тол­ма­ған­дықтан, жа­сыңызға байланысты жәрдемақы та­­ғайындалған.
Қазіргі таңда сіз­дің әлеуметтік тө­лем­­де­­ріңіздің жал­пы мөлшері 19 908 тең­ге тө­­ленуі тиіс (жасына бай­ла­ныс­ты бе­рi­ле­тiн мем­ле­кеттiк әлеуметтiк жәр­дем­ақы – 9330 теңге, «Алтын алқа» бел­гі­сімен ма­ра­пат­тал­ған көпбалалы анаға тө­ленетін ар­наулы мем­лекеттік жәр­дем­ақы – 10 578 теңге).
Ал жасыңыз 58-ге толғанда жәр­дем­ақы­ның ор­нына толық емес көлемде жа­сы­ңызға бай­ла­ныс­ты зейнетақы тө­лемін алу­ға құқығыңыз бар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста