Көпбалалы ана үшiн балабақша мәселесiнде қандай жеңiлдiктер бар?
Төрт баланың анасымын. Бес жасқа толмаған баламды балабақшаға бермекшi едiм. Балабақша бағасы қанша? Маған қандай жеңiлдiктер болады?
Шолпан, Алматы қаласы
Алматы қалалық бiлiм департаментiнiң бас маманы Людмила Турешқызының айтуына қарағанда, балабақша мәселесiнде ешкiмге де жеңiлдiк қарастырылмаған. Жұқпалы аурумен ауыратын балаларға арналған санаториялық балабақшалар мен мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған балабақшалар тегiн. Ал көпбалалы аналар балаларын балабақшаға кезексiз орналастыруға құқылы. Бес жасқа дейiнгi балаға төленетiн ақша – 17500 теңге, ал бес жастан асқан балаға – 7500 теңге төлейсiз. Жекеменшiк балабақшалардағы төлемақы шамамен 50-55 мың теңгенi құрайды. Бүгiнгi күнi Алматы қаласы бойынша 24 мыңнан артық бала балабақша кезегiнде тұрған көрiнедi.