Консулдың құзыры қандай?

Консул немен айналысады? Оның құзырына қандай міндеттер жатады? Консул қандай кластарға бөлінеді?
Ақтоты Көшекбаева,
Алматы
Консул (лат. сonsul) – басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді (өз мемлекеті мен оның азаматтарының заңды және эко­номикалық мүдделерін қорғау істерін) орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тағайын­далған лауазымды адам. Консулды та­ғайын­даған мемлекет оған жеке басын куәландыратын патент береді және ол өзі қызметке келген мемлекеттің рұқсатынан (экзекватура) кейін ғана міндетіне кіріседі. Консул тағайындалған елінде өз мем­лекетінің заңды тұлғалары мен жекелеген азаматтарының экономикалық және құ­қық­тық мүдделерін қорғайды, төлқұжаттар мен кіру-шығу рұқсатна­маларын береді, нотариалдық қызметтер т.б. атқарады. Консулдық мекеме басшы­лары өздері басқаратын консулдықтың класына қарай бас консул, консул, вице-консул, консулдық агенті болып төртке бөлінеді. Қазақстан консулдары өз қыз­метінде ҚР Конс­ти­туциясын, ҚР заңдарын, Үкімет қаулы­ларын, халық­аралық кон­венциялар мен келісімдерді, сондай-ақ халықаралық рәсім­дерді басшылыққа алады. Шетел консул­дарының еліміздегі қызметіне кірісуіне рұқсат беру тәртібі және олардың құқық­тары, пайдаланатын жеңілдіктері мен иммунитеті «Қазақ­стандағы басқа мем­лекеттердің диплома­тиялық және кон­сулдық өкілдері туралы ереже» бойын­ша жүзеге асырылады. Кез келген елдегі консулдық қызметке СІМ консулдық қызмет департаменті жетек­шілік етеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста