Конституциялық құқықтың қайнар көзі не?

Тарқатып айтқанда, конституциялық құқықтың қайнар көздері не? Қоғамдық қатынастарды қалай реттейді?
Марал,
Алматы облысы
Конституциялық құқық – құқық жүйесінің басты саласы (кейбір ел­дерде ол «мемлекеттік құқық» деп ата­лады). Конституциялық құқық, құқық­­тың басқа салаларының жасалуы әре­кет ету мен қалыптасуының негізі бо­лып табылады. Мұндай салалар бү­гін­гі күні 20-дан астам: мы­са­лы, әкімшілік құ­қық, азаматтық құ­қық, қылмыстық құ­қық, қаржы құ­қы­ғы және т.б.
Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді: қоғам мен мем­лекет құрылысының негіздерін; мем­лекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәр­тібін; адам және азамат құқығын, бос­тан­дығы мен міндеттерін реттейді. Конс­ти­туциялық құқық адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты бас­ты ере­же­лерді белгілейді. Конс­ти­туциялық құ­қық қоғамдық қатынастар­ды құқық­тық реттеуге бағытталған әдістер мен тәсіл­дер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады: міндеттеу әдісі; ты­йым салу әдісі; ерік беру әдісі; мо­йын­дау әдісі. Қоғамдық құбы­лыс ретінде құқықтың ішкі және сырт­қы түрі бола­ды. Құқықтың ішкі пішіні — оның маз­­мұнын құрайтын бөлшек­тер­­дің құ­ры­лы­мы мен жүйесі. Құқық­тың сыртқы пішіні — құқықтық тәртіп ере­желері ар­қы­лы бекітілетін заңдық қай­нар көздер­дің жиынтығы. Құқық­тық нормалардың жиынтығын құқық­тық қайнар көздері деген ұғымға жи­нақ­тауға болады. Құқық тек мем­лекет­тік органдардың іс-әрекетінің нәти­жес­інде пайда болады. Конститу­ция; конституциялық заңдар; әдеттегі заңдар (жай заңдар); президенттің нормативті жарлық­тары; Үкімет қаулы­лары; қоғамның не­гізгі құрылы­мын, мемлекеттік билік ұйым­дарының ұйымдастырылуын рет­тейтін басқа да құқықтық-нормативтік ак­тілер Қазақ­стан Республикасы конс­ти­туциялық құқығының қайнар көзі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста