Конституциялық монархияға қай елдер жатады?
Монархиялық басқару нысанындағы елдердің барын білеміз. Оның ішінде конституциялық монархияға қай елдер жатады?
Алмас, оқушы, Алматы
Атадан балаға мұра болып қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік. Дуалистік монархияға Кувейт, БАӘ, Люксембург, Лихтенштейн, Монако, Иордания, Марокко елдері кіреді. Ал парламенттік монархия елдері: Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Дания, Норвегия, Швеция, Испания, Андорра, Жапония, Камбоджа, Таиланд, Бутан, Лесото, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Папуа – Жаңа Гвинея, Тонга, Соломон аралдары, Гренада, Ямайка, Сент-Винсент және Гренадина, Сент-Китс және Невис.